
2022 жылдың 3 ақпаны күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы аудандық филиалы ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Аталған қоғамдық қабылдаудыа аудандық жастармен жұмыс ресурстық орталығының басшысы Губашева Жанар Асылбекқызы және аудандық мәслихат депутаты Сейткалиева Ұлданай Максимқызы ұйымдастырды. Қабылдау барысында жер қатынастары саласының қызметтеріне қатысты сұрақтар көтерілді. Атап айтқанда соңғы уақыттары аталған қызметті ұсынуға керекті ақпараттық жүйелердегі көптеген ақаулықтар бар екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша түсініктеме берілді.