Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.Қазақстан – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылданған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған алғашқы ТМД елдерінің бірі.
Қазіргі уақытта,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принципттерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың трлерін,сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу,анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою кінәлілерді жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерін туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағыттылған.
Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда мемлекеттік билік және қоғам үшін қауіпті.Сыбайлас жемқорлықпен күресу азаматтарда мораль және рухани мәдениеттілікті және өз еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының әр азаматы өз мемлекетінің ажырамас бөлігі екенін, және олардың әрқайсысы бұл зұлымдылыққа қарсы тұра алатынын сезінген кезде ғана, «сыбайлас жемқорлық» деп аталатын дертті жеңеміз Сыбайлас жемқорлықпен күресте Елбасы саясатына қолдау көрсету басты парызымыз.
ҚР АШМ АӨК МИК Бәйтерек аудандық аумақтық инспекция бас маманы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Р.Мусакулов