Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне

Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға бірдей декларациялаудың енгізілуіне байланысты Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысаны) 2021 жылдың 1 қаңтарына болып табылатын келесі жеке тұлғалар:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндеттелген тұлғалар ұсынады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1 бабының 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, сондай-ақ сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген не мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 632 бабына сәйкес Декларацияны қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – ағымдағы жылдың 15 шілдесінен, электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады. Сонымен декларацияны қағаз жеткізгіште табыс ету мерзімі аяқталды, табыс етудің ең шек мерзімі 2021 жылдың 15 қыркүйегі.

Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың және олардың жұбайлары (зайыптары) Декларацияның ұсынылғанын растау үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында kgd.gov.kz «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде өзекті жеке тұлғалар тізімі алуларына болады.

Сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялау ережелерін түсіндіру үшін бірыңғай республикалық нөмір 1414 платформасында салық және кеден мәселелері жөніндегі байланыс орталығы іске қосылғанын мәлімет үшін хабарлаймыз.

Бұдан басқа, түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желі арқылы жүргізіледі: Telegram канал «Всеобщее декларирование РК», «Universal_declaration_kz» Instagram аккаунты, Facebook парақшасы «Всеобщее декларирование в РК».

Апта сайын әр сәрсенбі 11:00-ден 11:30-ға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сұрақ-жауап форматында бұлтты Zoom платформасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бейнеконференцияларының идентификаторы 5423319932, пароль 123456.

 

список гос учереждений (xlsx, 23 Kb)