Бәйтерек ауданының ТЖБ бөлімі сізге хабарлайды!!!

Бәйтерек ауданының ТЖБ бөлімі сізге хабарлайды!!!

🔸️Желді ауа-райында дала өрттерінің пайда болу қаупі арта түседі. Олардың таралу жылдамдығы құрғақ шөптердің жанғыштығы мен желдің жылдамдығына​байланысты жоғары. Дала өрттері құрғақ өсімдікті, ашық жерлерде пайда болады.

Өрттің себебі көбінесе:

-адамның шөпті жаққанда, қатты желдің жылдамдығына байланысты ие бола алмауынан;

 -отты абайсыз қолдану;

-Өндірістік жабдықтар мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерін сақтамау;

-заттар мен материалдардың өздігінен жануы;

-статикалық электр разрядтары;

-найзағай разрядтары;

-өртеу;

-әр түрлі оптикалық заттар арқылы әрекет ететін күн сәулесі (далаға тасталған пластикалық және шыны бөтелкелер).

Теріс салдары:

-экономикалық залал, өрістің өртенуі ​ дәнді дақылдарды жоюы мүмкін;
-жануарлар әлеміне зиян. Жануарлар мен құстар ұрпақтарын көктемде, дала аптап ыстығында төлдеп, көбейеді. ​Көптеген жануарлар мен құстар ​ биік шөптерде ұя салуымен жағдай одан бетер күрделене түседі;

-атмосфераның ластануы. Өрт өнімдері жануарлар мен адамдарға улы. Экологиялық ұйымдардың пікірінше, өрттің салдарынан пайда болатын жер бетіндегі тұман планетаның жаһандық климаттық өзгеруіне әсер етуі мүмкін;

-учаскелердің шөлейттенуі. Өрт дала экожүйесінің әлсіреуіне әкеліп соғады, бұл аумақты шөлге айналдырады.

Далада тыйым салынады:

-жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға және темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді сілкіп тастауға;

-бөтелкелерді немесе шыны сынықтарын қалдыруға;

-шөпті, сондай-ақ егістіктердегі аңыздықты жағуға;

-от жағуға.