Бәйтерек ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік ереже бойынша рейд шаралар өткізген болатын. Рейд шаралар барысында жадынамалар таратылды.
Суда жүзу кезінде қойылатын талаптар:
1. Алғашқы жүзуді 18°-20°су температурасында тыныш күн шуақты ауарайында бастау керек.
2. Күніне екі рет – таңертең және кешке, белгілі қауіпсіз немесе арнайы бөлінген жерлерде шомылу ұсынылады.
3. Суға шомылу үшін таңдалған жердегі су мөлдір, түбі таза, су асты тастарынсыз, қадаларсыз, шұңқырларсыз және т. б. болуы тиіс.
4. Жалғыз шомылудан аулақ болу керек, өйткені қиын жағдайда көмек көрсететін ешкім болмайды.
5. Ешқашан ешкімді суға итермеңіз, әсіресе күтпеген жерден, өйткені бұл әзіл суық суға өте сезімтал адамдарда өлімге әкелуі мүмкін.
6. Суға арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда ғана сүңгуге болады.
7. Мас күйінде шомылу және жүзу өте қауіпті.
8. Тақталармен, бөренелермен, үрленген резеңке автомобиль камераларымен және үрленетін құралдармен шомылу және жүзу үлкен қауіп болып табылады.