Ауыл көшелеріне ағаштар отырғызды

Ауыл көшелеріне ағаштар отырғызды

Бүгін, Кушум ауылдық округі әкімдігі аппараты мен аудандық мәслихат депутаты Сундетов Есен Уразгалиевич "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында Кушум а/о көпбалалы отбасыларға, ауыл көшелеріне ағаштар отырғызды.

«Ауыл ел бесігі» жобасының мақсаты ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға бағытталған жоба. Ауыл қашаннан бері қарапайым қазақтың алтын бесігі болып келді. Бұл ауылдар бүгінгі күнде де өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әр ауылдың өзіндік мәселелері бар. Біз осы мәселелерді кезең-кезеңімен шеше отырып, ауылда тұруға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бұл жобаны жүзеге асыруда тек мемлекет қаражаты ғана емес, ауылдың атымтай жомарт азаматтары да елеулі үлес қосып келетінін айта отырып, «Ауылына қарап, азаматын таны» деген сөз бар, сондықтан да ауылымыздың гүлденіп, көркейуіне үлес қосу баршамыздың парызымыз екенін есімізге салғандай.