
Соңғы жылдың жазғы кезеңінде елді мекендердің аумақтарында құрғақ шөптер мен қоқыстардың жану жағдайлары айтарлықтай көбейді. Ішінара осындай жағдайлар қоқыстарды жинау және жағу кезінде талаптарды бұзу салдарынан туындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 «Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» Қаулысымен бекітілген талаптарына сәйкес қоқыстарды жағу бастапқы өрт сөндіру (өртсөндіргіштер, су) құралдары бар болуы кезінде кез-келген ғимараттардан, құрылымдардан және сақталатын материалдардан 50 метрден кем емес қашықтықта желсіз ауа-райында, ашық аумақта ғана рұқсат етіледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптерден және жапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқысты жағу күндізгі уақытта үнемі бақылауда жасалуы керек. Қоқысты жаққаннан кейінгі от сумен жақсылап құйылуы тиіс. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы» Кодексінің 336 336 бабына сәйкес азаматтар мен лауазымдық тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Көптеген азаматтар үшін аула алдында жиналған қоқысты үйіндіге апарғаннан көрі, жаққан оңай. Бірақ, қоқысты жағу кезіндегі абайсыздық және немқұрайлылық өртке және түзелмейтін зиян алып келуі мүмкін.
Бәйтерек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.