
Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастамасымен «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында "Жылы жүрек - жомарт қол" акциясы ұйымдастырылды!
Күнделікті өмірімізге тазалық сыйлайтын жандарымыздың ауыр жұмысына құрметпен қарайық!
Расында қыстың қатты ызғары, аязына қарамастан ауданымыздың көркін келтіріп, жол жиектерін, қоғамдық орындарды қардан және қоқыстан тазартып, игі іс жасап жүрген жандарға жылулық сыйлау - адамгершілік қасиеттің төресі. Осы тұрғыда "Бәйтерек" волонтерлары ауданның орталық көшелерінде жұмыс жасап жатқан коммуналды қызметкерлерге ыстық шәй мен тәтті тоқаштарын ұсынып, жылы шырайларын танытып, көңіл күйлерін көтеріп, алғыстарын алып қайтты.
Әрбір адамның айналасындағылардың тағдырына жанашырлықпен қарап, қажет жағдайда оларға көмек қолын созуға деген құлшынысын оятатын игі шаралар өз жалғасын табады!