Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидасының жобасын әзірледі (бұдан әрі – Қағида). Ережелер жобасы Қазақстан үшін жаңа қондырғыларды қосуға негізінде жаңа көзқарасты көздейді. Жоба талаптары тек 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілерінің электрмен жабдықтау объектілеріне қатысты болады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс-Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Серикболат Ешев.
Жоба электр желісіне қосылу процесін мүмкіндігінше жеңілдетуге арналған. Еске сала кетейік, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес құрылыс жобасын іске асыру үшін, қажетті техникалық құжаттаманы алуды, тұтынушы мамандандырылған ұйымдарды (жобалау, құрылыс - монтаждау) жұмылдыра отырып дербес жүзеге асырады.
Ереженің жобасы электр желісіне технологиялық қосылу электр желілері ұйымымен тиісті келісім жасасу арқылы мүмкін болатындығын көздейді. Бұл «электр қуатын кілтпен қосу» қызметтері нарығында жаңа бағыт болады деп айта аламыз. Мұндай келісім жасалғаннан кейін тұтынушы электр энергиясына қол жеткізудің барлық техникалық және құжаттық егжей-тегжеймен айналысудың қажеті болмайды.
Энергия беруші ұйым өзінің электр желілеріне технологиялық қосылуды жүзеге асыруға міндеттеме алады, ал шаруашылық жүргізуші субъект технологиялық қосылуға шығындарды төлеуге міндеттенеді. Барлық қажетті іс-шараларды (техникалық құжаттама жасау, құрылыс жобасын дайындау, құрылыс-монтаждау жұмыстары, сынақ және т.б.) электр желілері ұйымы тұтынушының электр қондырғыларына электр энергиясын жеткізуге дейін басталғаннан бастап қабылданған міндеттемелер шеңберінде жүзеге асырады.
Сонымен бірге, тұтынушы барлық жұмысты өз бетінше өндіретін қазіргі механизмде заңды болып қалады және таңдау құқығы тұтынушыда қалады.
Ереже жобасы келесі жағдайларға қатысты болады деп қарастырылған:
Ереже жобасының мәтінімен Энергетика министрлігінің «Құжаттар» ресми интернет-ресурсында толығырақ танысу мүмкіндігі бар.