
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев 2020 жылдың 8 қарашасы күні «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы» №33 қаулы қабылдады.
Қаулы 2020 жылғы 10 қарашадан бастап заңды күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 102, 104-баптарының және Сovid-19 ауыратын науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының қамту пайызының есептік өлшемдері негізінде-28,7%, КВИ-ден өлім-жітім көрсеткіші-1,7%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R-1,63 негізінде қабылданған қаулыда Батыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап 23 қарашасына дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізу және демалыс - сенбі, жексенбі күндері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін периметр бойынша Орал қаласына және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) аудандарына кіру/шығу жерлерінде санитарлық посттар орнату қаралған.
Шектеу шараларының режимі мен уақыты аймақтағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы жағдайының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына:
- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;
- 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоспағанда қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсетуге, баруға және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктерде, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында қашықтықты сақтай отырып тамақтану кезінде медициналық немесе мата маскаларын кию міндеттелді.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметшілерін, жергілікті әскери басқарма органдарының қызметшілерімен сүйемелденетін әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процессін қамтамасыз ететін жұмысшыларды қоспағанда, облыс аумағындағы тұрғындарының қозғалысына түнгі 23: 00-ден таңғы 6: 00-ге дейін шектеу қойылды.
Жасы 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға кеңес беріледі.
Батысқазақстандықтарға жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қаралы жерге 20-дан астам адамнан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) артық жиналмау жайы да қаулыда көрсетілген.
Шектеу шараларына байланысты Орал қаласы, аудан әкімдеріне, БҚО денсаулық сақтау басқармасы, Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына санитарлық посттардың жұмысын қамтамасыз ету, тұрғындардың жүріп-тұруын реттеу, карантин талаптарын бұзушыларға шара қабылдау, сауда, бизнес нысандарының жұмыс жасауы жайында бірқатар міндеттер белгіленді.
Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:
- коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға бағытталған қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50% "қашықтықтан" жұмыс нысанына ауыстыру; "Қашықтықтан" жұмыс нысанына бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру. Жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және офлайн режимде өтпейтін бейнеконференцбайланыс арқылы өткізе отырып ауыстыру.
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде арнайы ХҚКО-ның жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін белгілей отырып, ұйымдастырылсын. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) (түскі үзіліспен) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақытын шектей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Орал қ. бойынша МКБ-ы www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекті алдын ала жазылу) немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармалар алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсетулерін ұсынылады;
- сыныптарда 15 балаға дейін білім мекемелерінде мектепалды оқушыларына кезекшілік сыныптарының, ата-ана өтініші бойынша 1-4 сыныптарға 15 балаға дейін 5-тен 180 баланы қамтитын мектептердің жұмысына рұқсат беру;
- балалар түзету кабинеттері, балалардың білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) алдын-ала жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарындағы (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі керуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр;
- медициналық-әлеуметтік мекемелер - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
- медициналық орталықтар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
- стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
- халықтың тұруы бойынша қызметтері саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т.б.) толу коэффициенті 50% -дан аспасын;
- Халыққа қызмет көрсету объектілері: автожуу, ТҚС, автомобильдерді жөндеу-сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, тұрмыстық техника және т.б. жөндеу - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
- банк қызметтері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
- бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың қызметтері және нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің заң қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;
- моншалар, сауналар жұмыс күндері: сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері: сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (1 келушіге кемінде 4 ш. м есебінен объект сыйымдылығының 50% - дан аспай толуы тиіс);
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда: мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар және басқаларында (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін) кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық және маска режимі сақталсын;
- мәдениет объектілеріне тек жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін (1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен толтырылуы 50% - дан аспасын). Ұжымдық дайындық өткізуге тыйым салу;
- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге 30% - дан аспайтын және кемінде 5 м2 толтырылуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;
- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);
- күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері ғана сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес);
- қоғамдық тамақтану объектілеріне жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс). Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) келушілерді қабылдамай, тек жеткізу үшін жұмыс жасау;
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, Ѕра центрлер (салондар) алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (объектінің 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр). Жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;
- фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және тренажер залдары, бассейндер - алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ғана сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50% - ынан аспайды). Жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;
Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар), азық-түлік емес және азық-түлік ашық және жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру; діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) жұмысын тоқтата тұру; мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындық), кітапханалардың, мұражайлардың және т. б. жұмысын тоқтата тұру белгіленді.
Қоғамдық автокөлік сенбі-жексенбі күндері тоқтайды. Жұмыс күндері сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін жүреді. Жеңіл көліктің (такси) толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.