Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрымымен басқосу өтті.

Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрымымен басқосу өтті.

Бүгін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрымымен "Мен өмірді таңдаймын" тақырыбында басқосу өтті.

Қоғамда орын алатын адамның өзіне өзі қол жұмсауы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасына жол беру сияқты өзекті мәселелер талқыланған басқосуға БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖК" ММ нөмірі 22 және 24 өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамы онлайн режимде қатысты.

Басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Дүзбатыр қоғамдық қауіптің алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталса, теолог маман Ерген Құмаров өзіне өзі қол салу немесе отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттеріне діни тұрғыдан түсінік беріп өтті.

Аудандық полиция бөлімі, әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция аға лейтенанты А.Мекин орын алған жол-көлік оқиғаларына тоқталып, қайғылы жағдайға соқтырған қылмыстық әрекеттер туралы баяндады.

Жиынды қорытындылаған Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қ.Жұмағалиев бөлімнің және өрт сөндіру жеке құрамының арасында өзге де өткір тақырыптарды талқылайтындығын жеткізді.