Ерікқали Бисақаев Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Ерікқали Бисақаев Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Қайырымдылық айлығы аясында көмекке мұқтаж балаларға сый-сияпат ұсынып, орталық жұмысымен танысты. Өз кезегінде мекеме директоры Кемел Сәдбеков орталық бақылауындағы балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие, шығармашылық, өнерге баулу, сауықтыру, емдік шаралары туралы баяндап, балақайлар атынан естелік бұйым мен алғыс хат тарту етті.