19 қаңтар күні өтетін «Крещение» мерекесіне байланысты Бәйтерек ауданы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суға шомылуға арналған арнайы орындар айқындалды.
Осыған орай, аудан тұрғындары мен қонақтарын тек белгіленген орындарда ғана суға түсуге, суға шомылу барысында алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбауға, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Суға шомылуға арналған белгіленген орындар:
Январцев ауылдық округі – Жайық өзенінің жағалауы
Раздольный ауылдық округі – Рубежин өзені
Макаров ауылдық округі – Шаған өзенінің жағалауы
Мичурин ауылдық округі, Асан ауылы – Шаған өзені, «Ранчо» аумағы
Көшім ауылдық округі – Көшім өзені
Дариян ауылдық округі – Үлкен өзен жағалауы
Дариян ауылдық округі, Озерное ауылы – Кіші өзен жағалауы
Переметный ауылдық округі – Деркөл өзені
Рубежин ауылдық округі – Жайық өзені жағалауы
Қауіпсіздік — әр азаматтың жауапкершілігі. Өз өміріңізді және жақындарыңыздың амандығын сақтаңыз!