
Халық арасында сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстары әрдайым жүргізіліп отырады. Бүгінгі күні аудандық 2 аурухана және барлық дәріханалар дәрілермен қамтамасыз етілген. Мониторингтік топтың жұмысы үнемі жүргізіліп келеді, сауда орындарында, азық-түлік дүкендерінде, көпшілік жиналатын мекемелерде карантиндік режим талаптарының қатаң сақталуы, санитарлық талаптардың сақталуы ескертіліп отырады. Аудан әкімшілігі жанынан құрылған білім мекемелерінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын арнайы мониторингтік топ аудан мектептерін аралап, жұмыстарын жалғастыруда. Мониторингтік топ мүшелері әр апта сайын дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында тексеріске шығып, тексеріс нәтижесін, қорытынды ақпаратты әр бейсенбі сайын ауданның білім беру бөліміне жолдап отырады.