Республикалық арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары іс-сапармен ауданға келді

Республикалық арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары іс-сапармен ауданға келді

Бүгін ауданға Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың Республикалық арнайы мониторингтік тобы басшысының орынбасары Рафаэль Гасанов келді.

Алдымен аудан орталығындағы мектептерді аралаған арнайы топ аудан әкімдігінде басшылықпен кездесті. Шағын құрамда өткен басқосуда пандемия жағдайындағы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың ұйымдастырылуы, сыбайластықтың жолын кесу бағытындағы іс-қимыл барысы талқыланып, Рафаэль Руфикұлы жемқорлық туралы заңға енгізілген өзгерістерге тоқталып, мониторингтік топ мақсатын түсіндірді. Өз кезегінде аудан әкімі Марат Тоқжанов ашықтық пен адалдық принциптерін ілгерілету бағытындағы шаралар туралы баяндады. Одан әрі мониторингтік топ халыққа қызмет көрсету орталығын, аудандық полиция бөлімін, Бәйтерек колледжін аралап, жұмыстарымен танысты.