
Бүгін Аудандық мәдениет үйінің басшысы лауазымына Кусайынов Даулеткерей Атауұлы тағайындалды. Жаңа басшыны Бәйтерек ауданының әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы ұжымға таныстырып, сәттілік тіледі. Даулеткерей Атауұлы журналистикадан бастап, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі мәдениет, тілдерді дамыту, архив және мемлекеттік басқару салаларында жетекшілік қызметтерді атқарған тәжірибелі басшы. Оның қызметтік жолының басым бөлігі мәдениет саласын басқаруға арналған. Сәттілік тілейміз!