ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Аудан әкімі Марат Тоқжанов Рубежин, Чиров, Құрманғазы және Сұлукөл ауылдық округтерінде есептік кездесулер өткізіп, тұрғындар көтерген мәселелердің шешім барысын баяндады.
Рубежин ауылында биыл көктемде айтылған ұсыныстар бойынша бірнеше жұмыс атқарылды:
• ауылдық клубтың шатыры жөнделді;
• келесі жылы 100 орындық жаңа балабақша құрылысы басталмақ;
• дәрігерлік амбулатория мәселесі бақылауда.
Чиров ауылдық округінде су қоймасындағы бөгет қайта жөнделіп, қауіпсіздігі күшейтілді. Ауылішілік жолдарды жөндеу мәселесі кезең-кезеңімен шешілмек.
Құрманғазы ауылында 35 үйге таза ауыз су беріліп, 145 жаңа электр бағаны орнатылды, 8 шақырым сип кабель тартылды. Электр желілерін жаңарту жұмыстары биыл Байқоныс және Мичуринде де жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі жыл сайын 2-3 ауылдық округтің электр инфрақұрылымы жаңартылатынын атап өтті.
Сұлукөл ауылында қыстық мал азығы жеткілікті дайындалып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдайтын инфрақұрылым жолға қойылған. Тұрғындар көтерген электр желілерінің тозуы, жаңадан салынған үйлердің салқындығы сияқты мәселелер бойынша нақты түсініктемелер берілді.
Аудан әкімі ауылдардағы маңызды мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін, тұрғындармен тікелей диалог әрі қарай да жалғасатынын жеткізді.