Бәйтерек ауданында есептік кездесулер басталды
Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов тұрғындармен есеп беру кездесулерін бастады. Аптаның басында өткен кездесулер Январцев, Раздольное, Дариян және Байқоныс ауылдық округтерінде өтті.
Аудан басшысы тоғыз айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын ұсынып, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала және инфрақұрылым бағытындағы жобалар туралы баяндады.
Марат Лұқпанұлы өз сөзінде:
– Қаржы көлемі азайғанымен, ең өзекті мәселелерге басымдық берудеміз. Әсіресе шекара маңындағы ауылдардың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – халықтың пікірін тыңдап, нақты шешім қабылдау, – деп атап өтті.
Кездесулер барысында тұрғындар жолдардың жөнделуі, жарықтандыру, ескі электр бағаналарын ауыстыру, қоқыс шығару, дәріхана мен банкоматтың жетіспеушілігі, сондай-ақ жас мамандарды тұрғын үймен қамту мәселелерін көтерді.

Осындай ашық диалогтар ауыл өмірін жақсартуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.