Дариянда шағын футбол алаңы ашылды.

Дариянда шағын футбол алаңы ашылды.

Спорт нысанының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов, еңбек және спорт ардагелері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Ғұмарұлы бұқаралық спортты дамытуға ден қойған дарияндықтарға сәттілік тілеп, тұрғындарды алаңды күтіп ұстауға шақырды. Сонымен қатар шарада Самат Жексенғалиев, Николай Железнов, Вера Шохина сынды спорт ардагерлері де сөз алып, алаң ауыл жастарының сүйікті орнына айналсын деген тілектерін білдірді. Одан әрі алаңда округ әкімінің шағын футболдан көшпелі кубогі сарапқа салынып, жергілікті ұжымдардан құралған 8 команда өзара бақ сынады. Ойын қорытындысында Приурал полиция бөлімі І орын, шекара қызметінің "Орал" бөлімшесі ІІ орын, медициналық-әлеуметтік мекемесі ІІІ орын иеленді.