Бүгін Янайкин ауылында "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қобыз композициясы ашылды.

Бүгін Янайкин ауылында "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  қобыз композициясы ашылды.

"Жебе" шаруа қожалығының басшысы Қасым Зұлқашевтың қолдауымен орнатылған қобыз  мүсінінің авторы Руслан Ахметов. Композицияның салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр қатысты.

Ұлттық аспапты дәріптеп, көнеден үзілмей жеткен қобыздың қоңыр үніне құрмет жасаған бастамашыл жандарға алғыс айтқан Ерікқали Ғұмарұлы композиция ел жастарын өнерге баулып, ұлттық құндылықтарды мақтан тұтуға шақыратынын жеткізді.

Өткен шілде айында ұлттық домбыра күніне орай ауыл клубының алдына домбыра композициясы қойылған еді. Округ әкімі Ауған Алмурзин мен клуб жетекшісі Мирас Шамашев бастама көтеріп, домбыраның қатарына қобыз орнатты. Болашақта бұл аумақтың ауыл халқы серуендеп, тынығар мәдени саябағына айналары сөзсіз.