ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР

Ағымдағы жылдың 09 қазан күні жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Бәйтерек ауданының волейболдан жұмысшы жастар арасындағы турнирі ұйымдастырылып, шараға 8 команда қатысты. Финалға 3 команда шығып, 1 орын иегерлері Камен жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы, 2 орын Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы, 3 орын аудандық ветеринариялық станциясының ұжымдары турнир жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткен "Үздік қорғаушы" Жақсылық Тілеков, "Үздік тоқауыл қоюшы" Сұлтан Хайрушев, "Үздік байланыстырушы" Қанат Жұмағалиев, "Үздік ойыншы" Екатерина Рощупкина аталмыш номинацияларға ие болды. Турнирдің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен жүйелі шұғылдануға бағыттау, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберліктерін шыңдау.