Шаңғышылар қайырымдылық жасады

Шаңғышылар қайырымдылық жасады

Батыс Қазақстан облысы шаңғы федерациясы да қайырымдылық жасаудан қалыспауда. Жуырда жас шаңғышылар «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» ұранымен Переметный ауылында тұратын жалғызбасты кейуанаға қол ұшын берді.

Қарт әжейдің ауласын тазалап, тозығы жеткен қора-қопсысын ретке келтірген спортшылар оған отын дайындап берді.

-Қайырымдылық адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Жас спортшыларды баптап жүрген соң шәкірттерімнің бойында адами қасиеттердің болғанын қалаймын. Сол себепті осындай қайырымдылық акцияларына қатысып, балаларды адамгершілікке шақырамын. Алдағы уақытта аудан орталығында тұратын еңбек ардагерлері мен басқа да мұқтаж жандарға қолдан келер көмегімізді ұсынатын боламыз,-дейді жас шаңғышылардың бапкері Серік Хайруллин.