
Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов "КазИИТУ" ғылыми-өндірістік кешені" құрылтайшысы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Бәйтерек ауданының Құрметті азаматы Ақсерік Сарыұлы Әйтімовті мерейлі 70 жасымен құттықтады.
Елдің ғылым-білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтың деніне саулық, отбасына амандық, береке тілеген Марат Лұқпанұлы аудан халқының атынан құрмет білдірді. Өзін түлеткен халқының ықыласына шексіз ризашылығын білдірген Ақсерік Сарыұлы "Ғылым. Білім. Тарих" авторлық жинағын тарту етті.