Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Оған штаб мүшелері мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Індеттен қорғану мақсатындағы санитарлық нормалардың қатаң сақталуын, қауіп ұлғайған кезде енгізілетін карантиндік шараларға дайындық жайын пысықтаған аудан әкімі сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Альфия Хасенова соңғы аптада ауру жұқтырған 4 адам анықталғанын, бәрі де қатаң бақылауда екендігін жеткізді. Балалар арасында ауру жұқтырғандар жоқ. Сондай-ақ Альфия Мұстахымқызы жексенбі күні шыққан ҚР Бас санитарлық дәрігерінің №54 және 55 қаулыларына тоқталды. Жаңа қаулыға сәйкес, санитарлық бекеттерде лабораториялық тексеріс жүргізілмейді. Арнайы карантиндік бөлімдер ашылатын болады. ПТР тестіден өтпеген ел азаматтары екі күн карантинге жатқызылып, арнайы тексерістен өтеді. Егер тексеріс қорытындысы оң нәтиже берсе, ем қабылдауға жатқызылады. Штаб отырысында арнайы мониторингтік топ жұмысын жетілдіру, қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру жайы талқыланды.