
1 қазан – Халықаралық қариялар күні мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов Переметный ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қызмет алушыларды мерекесімен құттықтады.
Ерікқали Ғұмарұлы аудан әкімі Марат Тоқжановтың құттықтау хаты мен сыйлық табыс етті.
Кездесу барысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Альберт Талпахов қариялар мен кейуаналарға қамқорлық жасау, әлеуметтік қолдау көрсету қашанда назардан тыс қалмағанын жеткізді.
Орталық тұрғындары атынан сөз алған қызмет алушы Татьяна Котова әр мереке сайын құрмет көрсетіп, қолдан келген көмегін аямайтын аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, ел амандығын тіледі.
Тамылжыған табиғат аясында өткен мерекелік басқосуда аудан өнерпаздары көңілді ән шырқап, қарияларға ақжарма тілектерін арнады.