Бәйтерек ауданы әкімінің Халықаралық қарттар күнімен құттықтауы

Бәйтерек ауданы әкімінің Халықаралық қарттар күнімен құттықтауы

Қадiрлi ардагерлер!

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер жас ұрпаққа лайықты үлгі, өмірлік өнеге тұтар тұлғасыздар.

Баршаңыздың жанқиярлық еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бүгінгі күннің әл-ауқатының нақты нәтижесі.

Халқымыз әр кезде де үлкенді құрметтеп әрі қадірлей білген. Сіздер біздің рухани мәдениетіміздің үлгісі болып табыласыздар.

Әрқайсыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

 

Құрметпен,

Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов