
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауында айтылған қоғамды демократияландыру бағытындағы ауқымды реформалар мен қабылданған жаңа Заңдар туралы сөз болған семинарға "Дом права" адвокаттар кеңсесі төрағасының орынбасары Жомарт Ерназаров, адвокаттар Ахметжан Бауыржан, Самат Абуев және адвокаттың көмекшісі Лаура Оразғалиева арнайы қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаевтың төрағалығымен өткен семинар-кеңесте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр қоғамды демократияландыру мақсатында бірқатар Заңдарға енгізілген өзгертулерге тоқталып, бейбіт шерулер ұйымдастыру туралы заң талаптарының орындалу барысына тоқталды. Семинарда сөз алған адвокаттар Жомарт Ерназаров пен Бауыржан Ахметжан құқықтық кеңес алу мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.