«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Дариян ауылдық кітапханасының оқу залында "Жас отбасы" жобасы аясында "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ" тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Отбасының берекесін сақтау, бала тәрбиесіне терең көңіл бөлу, жас отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат еткен шараға белсенді жастар мен жас отбасылар қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған басқосуға "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова, бкрлестіктің ұйымдастырушысы Гүлмира Төлегенова қатысып, жас отбасылар мәселелерін шешу жолдары туралы әңгімеледі.

Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананы сыйлау, қоғам алдындағы жауапкершілік, ұрпақ тәрбиесі жайын сөз еткен семинарда жастар өздерінің ұсыныстарымен бөлісіп, пікір алмасты. Сондай-ақ басқосуға арнайы шақырылған "Тұрғын үй жинақ банкінің" кеңесшісі Гүлдана Айсекенова жастарға тұрғын үймен қамту бағытындағы жеңілдіктер туралы түсіндіріп, отбасы бюджетін тиімді жоспарлау мен үнемшілдік қағидаттары жайында баяндады.