Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2022 жылы 18 тамыз күні Переметный ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін 2 өтініш түсті: 1 - «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ұсынған Герасимов Алексей Викторовичтен және 1 - өзін-өзі ұсынған Пономарев Артур Викторовичтен.
«AMANAT» партиясының аудандық филиалынан ұсынған А.В.Герасимовтың және өзін-өзі ұсынған А.В.Пономаревтың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.