Бәйтерекауданының
әлеуметтік-экономикалықдамуы
туралыауданәкімі
М.Тоқжановтың
есептік баяндамасы
қараша, 2022жыл
Қайырлыкүн құрметті телеарна көрермендері!
Бүгін өздеріңізге Бәйтерек ауданының 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында әлеуметтік-экономикалық дамуытуралыбаяндауғарұқсатетіңіздер.
2022жылғы аудан бюджеті:
Бір жылға бекітілген бюджет – 14 886 103,0 мың тг.
Бір жылға түзетілген бюджет – 19 184 507,0 мың тг.
Меншікті кірістерінің түсуі – 2 903 477,9 мың тг.
РБ және ОБ трансферттерінің түсімі – 11 740 217,0 мың тг.
Бюджеттің орындалуы – 14 002 243,4 мың тг. (97,1%) құрады.
Агроөнеркәсіптік кешен экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жолындағы негізгі бағытымыздың бірі ретінде айқындалған. Бірінші кезекте - астық өндірісін дамыту, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру, жылыжай шаруашылықтары мен көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын, бордақылау алаңдарын іске қосу, асылды тұқымды мал сатып алу, кооперативтер құру.
Егін егу
Күні бүгінге облыстық бекітілген меморандум бойынша 218 280 га егіліп орындалды. Қорытынды мәліметтерге сәйкес:
Барлығы: 249 507,5 га
2022 жылғы ауданның егін орағы
|
Аудан бойынша күздік және жаздық дәнді дақылдар егіс көлемі 100,0 пайыз жиналды, соның ішінде: - Барлық күздік дақылдар - 34 401,0 га., жиналды, орташа өнімділігі – 21,8 ц/га., алынған өнім – 74885 тонна құрады. - Барлық жаздық дақылдардан – 80 062,2 га. жиналды, орташа өнімділігі – 14,4 ц/га., алынған өнімі – 115162 тонн құрады. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда, бүгінге: - Мақсары – 38229 га, жиналып, өнімділігі – 8,7ц/га, алынған өнім -34090 тонн құрады. - Күнбағыс – 20399 га. жиналып, өнімділігі – 8,8 ц/га, алынған өнім – 17947,3 тонн құрады. Көкөніс - 1459 га жиналып, орташа өнімділігі - 169 ц/га, 19 887 тонна өнім жиналды. Бақша – 295 га жиналып, орташа өнімділігі – 241 ц/га болып, 7 109,5 тонна өнім алынды. Картоп - 787 га. жиналып, орташа – 171 ц/га болып, 13 458 тонна өнім алынды. Күздік дақылдарды егу бойынша: Күздік бидай - 45 мың гектар егілді, тритикале - 100 га., күздік қара бидай - 1 162 гектар. Барлық күздік дақылдар – 49046 гектар құрады.
|
|
|
|
|
Техникалық қамтамасыз ету:
Егіс жинау, күзгі- далалық жұмыстарын жүргізу үшін ауданда - 1652 бірлік қатысты.Аудан шаруашылықтары бұрынғы техникаға қосымша 117 әр түрлі жаңа техника сатып алды.
Жанар-жағар маймен қамтылуы:
Барлық ауыл шаруашылық дақылдарды жинау жұмыстарына арзандатылған 4 740 тонна жанар-жағар май бөлінді. Конкурс қорытындысында «Нефтек» ЖШС оператор болып анықталды, жанар-жағар майдың бір литрі тамыз айынан – 195 теңге болды.
2022 жылдың 1 қазан мал мен құстар саны:
ІҚМ - 43 049 бас
соңың ішінде сиыр - 21 558 бас
Қой мен ешкі - 61 277 бас
жылқы - 7121 бас
шошқалар - 9936 бас
түйе - 12 бас
құстар - 827 304 бас құрайды.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру:
Ет – 14070,3 тонна
Сүт – 34274,9 тонна
Жұмыртқа – 49422,4 мың дана өндірілді.
Асыл тұқымды малдар оның ішінде:
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі.
2022 жылдың 1 қазанға ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 45,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,1 пайыз құрады.
2022 жылы Бәйтерек ауданы бойынша сатып алынған асыл тұқымды малдар саны:
Герефорд – 11 бас
Голштин – 16 бас
Қазақтың ақбас сиыры – 182 бас
Симментал – 102 бас
Әуликөл – 3
Абердин ангус – 40
Барлығы 354 бас асыл тұқымды және тауарлы 112 бас сатып алынды.
Бүгінгі күні ауданда 43 асыл тұқымды шаруашылық бар, оның ішінде :
- Ет бағытындағы 33 асыл тұқымды шаруашылық ("Қазақ ақбас", "Абердин Ангус" және "Герефорд"тұқымдарын көбейту бойынша);
- Сүт бағытындағы 5 асыл тұқымды шаруашылық;
- Жылқы өсіретін 1 асыл тұқымды шаруашылық;
- Қой өсіретін 4 асыл тұқымды шаруашылық.
Аудан және облыс тұрғындарын тауық жұмыртқасымен "Агрофирма Акас" ЖШС құс фабрикасы және тауық етімен "Жайық Ет" ЖШС құс фабрикасы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ауданда "Щапово" ШҚ шошқа кешені жұмыс істейді.
Сүт өндіру және сүт өнімдерін өңдеу
Аудан бойынша сүт сатып алу және сату бойынша 3 ауыл шаруашылық өндірістік кооператив тіркелген. Олар:
1) «Батыс сүт» АШӨК халықтан қайта өңдеуге сүт сатып алумен айналысатын кооператив басшысы Зиновьева О.И құрамына 374 құрылтайшы кіреді. Аудан бойынша 8 округтің тұрғындарынан сүт қабылдайды.
2) «Зеленов Сүт» АШӨК кооперативі құрамында 38 құрылтайшы сүт қабылдап алуға құрылған, алайда сүт салқындатқыш танкер алуға қаржы болмай жұмысы тоқтаған. Аталған кооператив басшысы М.Байсариева бүгінгі күні жұмысын жандандыру мақсатында ЖК «Каверин» мен сүт тасымалдау (молоковоз) машинасын жалға алу бойынша келіссөз жүргізіліп, тасымалдау жүргізіліп, жұмысын қайта жандандыруда. Бүгінгі күні құжаттарын жинақтап субсидияға тапсырды.
3) «Аманат -22»АШӨК Макаров ауылдық округінде сүт қабылдап алуға ағымдағы жылы құрылды. Құжаттарын жинақтау, келіссөз жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар бүгінгі күні ауданымызда жұмыс жасап тұрған 8 тауарлы сүт фермасы бар. Олар:
2021 жылы аталған шаруашылықтар бағымдағы сиыр басы 50 бастан басталатын фермалар өндірісінің құнын арзандатуға 25 332 180 тенге субсидия алды.
Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін құру
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу деректер базасында аудан бойынша 28 ауылшаруашылық өндірістік кооператив тіркелген. Бүгінде 22 кооператив өз жұмыстарын жалғастыруда, Соның ішінде 5 кооператив 2021 жылы құрылды, 2 кооператив 2022 жылы құрылды:
Қалған 6 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері өз қызметтерін тоқтатқан.
Ауданда мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілді. Ауданда 101 ұйымдастырылған мал қыстағы бар. 2022-2023 жылдарға мал қыстағына аудан бойынша жоспар бойынша 108,7 мың тонна шөп дайындау қажет. Бүгінгі күні 162,23 мың га алқаптан 119,62 мың тонна шөп шабылып, яғни 110 % құрады.
Аудан бойынша 16 ауылдық округте жергілікті тұрғындарға тегін мал азығын дайындау үшін шөп шабуға ауылдық округ әкімдері тарапынан 24350 га көлемінде жер телімі бөлініп, 230 жеке қосалқы шаруашылық өз жұмыстарын жүргізуде.
Кебектің нарықтық бағасы тоннасы 80 мың теңгені құраса, аудан тұрғындарына «Белес» ЖШС-гі тарапынан тоннасы 50 мың теңгеден 396,7 тонна арзандатылған кебек беріліп, әрбір ауылдық округ бойынша 25-16 тоннадан бөлініп берілді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
2022 жылы 1 қазан айында аудан бойынша 2976 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген (442 бірлік заңды тұлғалар, 1497 бірлік жеке кәсіпкерлер және 1037 бірлігі шаруа қожалықтары), өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 102,9 % артқан. (2892 бірлік) .
2417 шағын және орта бизнес субъектілері нақты жұмыстануда немесе тіркелгендер санынан 81,2% .
Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдардың саны 6030 адамды құрап отыр, былтырғы жылымен салыстарғанда 100,6 % (5996).
Шағын цехтар. Ауданда әрекет етуші 26 шағын цехта 246 адам қызмет жасайды. Өндірілген өнім көлемінің жалпы соммасы 1, 015 млрд. теңге құрап отыр.
2022 жылы шағын және орта бизнес саласында жаңадан 785 жаңа жұмыс орны ашылды, жоспар (944) орындалуы 83,2 % құрайды.
Инвестициялық жобалар:
"Урал Ойл Энд Газ" ЖШС Рожков кен орнын игеру жобасының құны 48,0 млрд теңге. Жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 7,3 млрд.теңге игерілді, 2022 жылы кен орнын игеруге 13,0 млрд. теңге жоспарланғамен, нақты 300 млн. теңге игерілді. Себебі Ресей Федерациясы үшін енгізілген санкциялармен байланысты. Жұмыс жоспарға сәйкес 2023 жылы жұмыстар жалғасады.
"Bauston" ЖШС қуаттылығы жылына 13 мың тонна, құны 2,5 млрд.теңге көтерме сауда тарату орталығының жеміс-көкөніс қоймасы. 2020 жылы 650 млн. теңгеге куаттылығы 2000 тонна қойма салынды, 2021 жылы 801 млн. теңгеге куаттылығы 4000 тонна қойма құрылысы аяқталды, 2022 жылы 6000 тоннаға арналған қойма салу жоспарлануда. Нысанды тапсыру мерзімі 2023 жыл. 25 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Құны 3,0 млрд.теңге тұратын "Батыс Строй Монтаж" ЖШС монша кешені бар демалыс және су ойын-сауық паркі «Green Park»бүгінгі күні құрылыстың 1 кезеңі аяқталды, қонақ үй, мейрамхана және басқа да нысандар құрылысының 2 кезеңі 2023 жылдың 1 тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. Жаңа60 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Бейбітшілік ауылындағы 800 млн.теңгеге "Автогаз – Трейд" ЖШС қазіргі заманғы жанармай құю кешені (Газ Энерджи желісі) салынуда, бүгінгі таңда жанармай құю бекеті, шағын дүкені, автотұрақ салынды. 2023 жылы 40 орындық мотель, кафе салу жоспарлануда. 25 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Бейбітшілік ауылындағы "Бүркіт" ЖШС жанармай кұю станциясы, құны 350 млн.теңге, нысанды 2022 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда. 16 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Рубежин ауылында "Рубцов А.А." шаруа қожалығыныңкартоп, сәбіз, қырыққабатты сұрыптауды, буып-түюді қамтитын, қуаттылығы 720 тонна сәбіз, 720 тонна қырыққабат және 1200 тонна картопты терең өңдеу кешені. Жоба құны 480 млн.теңге.Кешен құрылысы аяқталды.
Новенький аулында "БР и Г Сompany" ЖШС қуаттылығы айына 5-30 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты, құны 1,5 млрд. теңге. Жер телімі бөлінді, 2022 жылдың құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарлануда. Нысанды тапсыру мерзімі 2023 жылдың 3 тоқсаны. 20 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Белес ауылдық округінде "КазАрмаПром" ЖШС-нің Механикалық құрастыру цехы және газ-поршеньді электр станциясы бар қазіргі заманғы құю зауытының құрылысы. Құны 47,5 млрд.теңге. Белес а/о 50 га жер учаскесі бөлінді. Жобалық-сметалық құжаты сараптамадан өтуде. Жұмысты 2023 жылдың 1 тоқсанында бастау жоспарланған. Пайдалануға беру мерзімі 2024 жыл. 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Белес ауылдық округіндегі "Zhaik Petroleum LTD" ЖШС сұйық метанол өндіру зауыты, құны 48 млрд.теңге. Қазіргі уақыттажобалық-сметалық құжаты сараптамадан өтті. Пайдалануға беру мерзімі 2024 жыл. 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Белес ауылынан "ҚазТрансОйл"ЖШС "Сырым"кеден бекетіне дейін 41 км мұнай құбырларын ауыстыру. Құны 11,0 млрд. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылғы 4 тоқсан.
Жұмыспен қамту
Ауданда жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жағдай келесідей сипатталады:
-экономикалық белсенді халық 31216 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 53,1% құрайды (60622 адам);
-әр түрлі қызмет саласында 30326 адам жұмыс істейді.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға 1856 адам өтініш білдірді.
Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар – 793 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 225 адам жіберілді.
Жұмыспен қамту органдары арқылы 633 адам жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 53 адам жолданды.
Жастар тәжірибесіне – 92 адам жолданды.
2022 жылғы1 қазан аудан бойынша – 785 жаңа жұмыс орны құрылды, немесе жоспардың 83 % құрайды (944 жұмыс орны).
Аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 2,5 %.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына азаматтардың өтініштері бойынша 30 отбасыға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 1162,5 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын 26 мүгедек баланың ата – аналардың біріне 1054,1 мың теңге көлемінде материалдық көмек төленді.
2022 жылғы 1 қазан айына 88 отбасындағы 423 адамға 24813,4 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Қатерлі ісік ауруына шалдыққан 569 адамға 26625,4 мың теңге, өкпе ауруына шалдыққан 67 адамға 7245,3 мың теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 33 адамға 1035,3 мың теңге, гемодиализ препаратын қабылдайтын 20 адамға 3121,9 мың теңге, АИТВ – инфекциясы бар балаларға 1 адамға 512,5 мың теңге, АИТВ – инфекциясы бар 5 адамға 229,6 мың теңге, 93мүгедек бала емделуге 4411,5 мың теңге, 8 адамға жол жүруге санаторлық-курорттық емделуге – жол жүруге 108,9 мың теңге, 12 адамға әлеуметтік-тұрмыстық мұқтаждықтарға – 570,6 мың теңге, табиғи апаттар мен өрттен зардап шеккен 6 отбасына 954,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді, 44 адамғаауған соғысының қатысушыларына 7860,0 мың теңге, 41 адамға 4100 Таулы Қарабахтағы соғыс. Жалпы сумма – 79500,0 мың.теңге.
Жеңіс күніне орай азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 405 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне 14430,0 мың теңге төленді, 16 Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1600,0 мың теңге төленді, Чернобыль АЭС, Ауған соғысында қайтыс болған қатысушылардын 16 отбасына 960,0 мың теңге, Чернобыль АЭС аумағынан көшірілген 2 отбасыға 200,0 мың теңге, Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектеріне – 1200,0 мың теңге сомасына 12 адам, коммуналдық қызметтер ҰОСА (узник, блокадник) – 275,3 мың теңге сомасына 3 адам.Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 18 жасқа дейін 193 мүгедек-балаларға – 3860,0 мың теңге.
Бәйтерек ауданы бойынша мүгедектердің жалпы саны 1834 адамды құрайды, оның ішінде: 1 топтағы мүгедектер – 227 адам, 2 топтағы мүгедектер – 667 адам, 3 топтағы мүгедектер – 716 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 50 адам, 16-дан 18 жасқа дейін 1 топ – 34 адам, 2 топ – 73 адам, 3 топ – 67 адам.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларын реттеу, олардың қоғамда өмір сүруі мен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында 2022 жылғы 01 қазан 6 мүгедек жеке көмекшімен, 13 мүгедек ымдау тілі маманымен, 173 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 25 адам кресло-арбамен, 32 адам протездік-ортопедиялық көмекпен және 41 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен, санаторий-курорттық емделумен - 22 адам қамтамасыз етілді.
Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрамында жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге, сондай–ақ мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үш әлеуметтік бөлімше жұмыс жасайды.
2022 жыл басынан бері 468 адам , оның ішінде 18 мүгедек– балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер, 450 қарттар мен мүгедектер қызмет алады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штатында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 85 әлеуметтік қызметкер бар.
Жер қатынасы
Бәйтерек ауданының аумағы 743 407 гектар құрайды, соның ішінде 2021 жылғы жер балансы есебіне сай елді мекен жерлері – 98 090 гектар, орман қорларының жерлері – 35 163 гектар,өнеркәсіп, көлік, байланыс, ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жерлер - 8605 гектар, су қорының жерлері – 7354 гектар, запастағы жерлер – 72 808 гектар, қорғалатын аймақтар – 150 гектар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің көлемі 521 237 гектар, соның ішінде: егістік – 236 587 гектар, жайылымдық жерлер - 134 466 гектар, көпжылдық екпелер – 372 гектар,тыңайған жерлер – 130 193 гектар, шабындық-16 378 шабындық, қалған жерлер – 3241 гектар құрайды.
Аудан аумағынан тыс жерлерде қолданылатын жерлер – 2489 гектар және бөтен аудандар пайдаланатын жерлер – 1215 гектар.
2022 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 27 мың гектар пайдаланылмай жатырған жайлымдық жер телімі анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық материалдар Батыс Қазақстан облысы бойынша жер ресурстарын бақылау департаментіне іс-шара қолдану үшін жолданды.
2022 жылғы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру мақсатында конкурс арқылы Көшім, Егіндібұлақ, Зеленый, Шалғай ауылдық округтері аумағынан жалпы көлемі3028 гектар жер телімі конкур арқылы жалға берілді.
Сонымен қатар 2022 жылдың 9 айда коммерциялық мақсаттағыобъектілер құрылысы үшін жер телімін жалға беру бойынша Gosreestr.kz мемлекеттік электрондық сауда порталы арқылы 3 аукцион ұйымдастырылып, нәтежиесінде құны 4 032 355 теңге құрайтын коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері жалға берілді.
Тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер учаскелері бойынша: Аудан бойынша 10443 азамат тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке тұр. 2022 жылғы Белесте – 26 , Дариянда – 38 жер телімі тұрғын үй құрылысы үшін жалға берілді.
Газдандыру
Бүгінгі күні ауданда халықтың99% газбен қамтылып отыр(60 622 адамнан 60 309 адам).Ауданда 68 елді мекеннің 59-ы немесе 86% газбен қамтамасыз етілген.
Сумен жабдықтау және жарықтандыру
Ауданда орталықтандырылған сумен 68 елді мекеннің 36 елді мекені қамтамасыз етілген. Халық санының қамтамасыз етілуі 83,9% (60622 адамнан 50907 адам). Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу мүмкіндігі жоқ елді мекендердің саны 32 ауыл, халқының саны 9 715 адамды немесе 16,0% құрайды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 801 адам тұр, оның ішінде:
- Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 183
-Халықтың әлеуметтік осал топтары - 278
- Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар - 181
- ҚР заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар - 22
Көпбалалы отбасылар - 137.
Бүгінгі күні аудан бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандары - 81, оның ішінде оси - 1, ПТ - 80 құрылды.
ТКШ жаңғырту - 2020
2022 жылғы 31 шілдеге бюджет қаражатын жөндеуге жұмсалған пәтер иелерінен қайтару сомасы 90 833,0 мың теңге жиналғаны 103 486,0 мың теңгені немесе 114% - ды құрайды.
Автомобиль жолдарын ұстау
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша Бәйтерек ауданы әкімдігінің «Коммунальник» МКК (шаруашылық жүргізу құқығында) «АСФА» ЖШС, «Бәйтерек Жол құрылыс» ЖШС-мен шарт жасалды. Осы Келісім аясында жол төсемдерін қардан тазалау, шөп шабу, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде қар шығару, жол төсемдерін грейдерлеу және пішіндеу және т. б. жұмыстар орындалды.
Бәйтерек ауданының аумағында аудандық маңызы бар 868,6 шқ автомобиль жолдары, оның ішінде 400,4 шқ – елді мекендерге кірме автомобиль жолдары бар, олардың 196,2 шқ немесе 49,0% қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 204,2 шқ немесе 51,0%. 468,2 шқ – кентішілік автомобиль жолдарының көше-жол желісі (ол 926 көшеден тұрады), оның 369,5 шқ немесе 78,9% қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 98,7 шқ немесе 21,1%.
Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу
2021-2022 жылдары «Нұрлы Жол» және «Ауыл ел-Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында кірме автомобиль жолдары мен көше-жол желілерін орташа және күрделі жөндеу бойынша жобаларды іске асыру басталды. Бүгінгі күні 17 жоба қамтылды, шарттардың сомасы 10 166,1 млн. теңгені құрады.
Пайдалануға берілді:
- 2021 жылы 24 шқ «Переметное-Вечный» кірме автомобиль жолы және КЖЖ (көше-жол желісі) бойынша 12,9 шқ:«Мичурин ауылындағы автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеу» және «Асан ауылындағы автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу»;
- 2022 жылы ауылдардағы кірме автомобиль жолдары бойынша 52,9 шқ: Погодаево 4,8 шақырым, Железново 3,3 шақырым, Трекино 2 шақырым, Чирово 13,9 шақырым, Макарово 12,2 шақырым, Январцево 8,1 шақырым, Чувашинское 8,6 шақырым, Белес 12,9 шақырым жол жөнделді.
Бүгінде Октябрьское 9 шақырым, Махамбет 7,6 шақырым, Жайық 7,6 шақырымауылдарына автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта Раздольное 21,4 шақырым, Чеботарево 15,0 шақырым, Шалғай 5,7 шақырым, Егіндібұлақ 18,1 шақырым, Өркен 14,6 шақырым ауылдарына кірме автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу бойынша 2023 жылға ауысатын жаңа жобаларды іске асыру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта «Чиров ауылына кірме автомобиль жолын күрделі жөндеу», «Болашақ ауылына кірме автомобиль жолын күрделі жөндеу» және «Сұлукөл ауылына кірме автомобиль жолын күрделі жөндеу» жобалары бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Қазір ұзындығы 36,8 шақырым кентішілік жолдарды жөндеуге 4 101,6 млн.теңге сомасына 7 жобалық-сметалық құжат және ұзындығы 5 шақырым кірме автомобиль жолдарын жөндеуге 426,6 млн. теңге сомасына 3 жобалық-сметалық құжат бар.
2022 жылдың қорытындысы бойынша аудандық маңызы бар 21,9 шақырым кірме автомобиль жолдарын іске қосу жоспарлануда.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 242,8 шақырым немесе 60,6% және көше-жол желісінің 15,2 шақырым құрайды, жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 113,9 шақырым немесе 24,3% құрайды.
Құрылыс
Нысандарды салу және қайта құру
2022 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына 2 616,177 млн.теңге бөлінді:
Құрылысы жүріп жатқан нысандар:
Қазіргі уақытта келесі нысандарға конкурстар жарияланды:
Осы жобаларды қаржыландыру кезінде "Отбасы банк" АҚ салымшылары үшін 144 пәтер пайдалануға беріледі.
Жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу:
Білім беру
Бәйтерек ауданы бойынша 46 күндізгі, 1 кешкі-ауысымды мектеп, 8 мемлекеттік балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды.
Аудан мектептерінде 9621 оқушы білім алады. Оның ішінде бірінші сыныпқа биыл1032 бала қабылданды.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 30 мұғалім несие арқылы тұрғын үймен, 37 мұғалім көтерме жәрдемақмен қамтамасыз етілді. Мектептерде барлығы 1808 педагог жұмыс істейді.
Мектептерді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша:
Егіндібұлақ мектебіне 265,8 млн. теңге, Рубежин мектебіне 394,4 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.
Чувашка мектебіне 362,6 млн.теңге, Раздольный мектебіне 261 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың желтоқсан айына жөндеу жұмыстары аяқталады.
Жаңа мектептер құрылысы бойынша: 2022 жылы Щапов ауылында 420 орындық Б.Момышұлы атындағы мектеп және Жамбыл ауылында 308 орындық Жамбыл мектебінің құрылысыаяқталды.
Ал 2023 жылы Достық елдімекенінде апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа 900 орындық мектеп салу, Садовый ауылында 108 орындық мектеп, Жалын ауылында 60 орындық, Өркен ауылында 60 орындық және Жаңатаң ауылында 108 орындық мектеп салу жоспарлануда. Қазіргі таңда Достық мектебінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып бітті, ал қалған мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.
Сонымен қатар 2024жылы Трекин ауылында 600 орындық, Володар ауылыда 108 орындық және Жайық ауылында 60 орындық мектеп салу жоспарлануда.
Мектеп оқушыларын тасымалдау бойынша: Тасымалдағы мектептердің автокөліктерін жөндеуге 4 млн. 160 мың теңге қаржы бөлінді. Қ.Аманжолов, Трекин, Қ.Мырза Әли, Мичурин және Жамбыл мектептеріне«ПАЗ»автобусын, Мичурин, Махамбет және Макаров мектептеріне«Газель»микроавтобусын, Камен, Раздольный, Чеботарев және Чиров«Уаз»микроавтобусын жалпы 12 автөкөлік сатып алуға 227 млн теңге қаржы бөлінді.
Мәдениет саласы бойынша
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша 33 мәдениет ошағы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 51 кітапхана, 1 «Бәйтерек» спорт клубы қызмет атқаруда.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда 22 ауылдық округте 175 спорттық құрылым, соның ішінде: 48 спорт зал, 126 жазық ғимараттар (спортық алаңдар, алаңқайлар), мен 2 ату тирі (Володар, Батурин мектептерінде) бар.
Тұрғындар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін «Бәйтерек» спорт клубы клубының 16 ауылдық округінде спорт нұсқаушылар (Егіндібұлақ, Зеленый, Переметный, Атамекен, Белес, Янайкин, Көшім, Трекин, Дариян, Рубежин, Январцев, Достық, Махамбет, Мичурин, Раздольный, Бейбітшілік) жұмыс істеуде.
Биыл Калинин ауылдық мәдениет үйін «Ауыл- Ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөнделіп, «Шың» сазды-драма театры ғимараты болып қайта ашылды.
Володар, Трекин, Январцевауылдық клубтарын күрделі жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды.
Биыл Ақбидай, Рубежин, Щапов ауылдарына 3 балалар ойын алаңы, Құрманғазы, Қайнар, Новенький, Жаңатан, Сұлукөл, Макаров ауылдарына 6 спорт алаңы салынды. Сондай-ақ ірі меценат Қайыржан Киргенев 67,8 млн. қаражатқа Атамекен ауылына балалар ойын алаңы мен спорт алаңын салып, жаяу жүргінші жолын асфальттап берді.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау жүйесіне 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық аурухана, 11 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 35 медициналық пункт кіреді. Денсаулық сақтау саласында барлығы 91 дәрігер және 337 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
2021 жылы 5 дәрігер және 5 орта медициналық білімді маман келді. 2022 жылда дәрігерлік персонал арасында кадр тапшылығы бар: 2 онколог-дәрігер, эндокринолог-дәрігер, невропатолог-дәрігер, 2 жалпы тәжірибелік дәрігер, кардиолог қажет.
Биыл Чиров, Жамбыл, Кирсанов ауылдарындағы медициналық нысандар күрделі жөнделуде. Жаңатан елді мекеніндегі медициналық пунктке ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда. Раздольный ауылында жеке шаруашылық иесі В.Шевчук 22 млн. қаражатқа ауыл медпункті ғимаратын күрделі жөндеп берді.
Алдағы жылдары Асан ауылына дәрігерлік амбулатория, Новенький және Жайық ауылдарына медпункт, Өркен ауылына фелдьшерлік пункт салу жоспарда бар.
Аудан бойынша ревакцинация алғандар саны - 5417 адам, жоспарда 7414 адам. Бұл 70,2% құрайды. Жыл басынан ауру жұқтырғандар саны - 713 адам.Қазіргі уақытта КВИ бар науқастар жоқ.
Жастармен жұмыс
Аудан халқының 23%-ы жастар. Ауданда 4 жастар қоғамдық білестігі тіркелген. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жұмыс жасауда.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жастар ресурстық орталығының жоспарына сәйкес акция, форум, кездесулер, танымдық және спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Әлеуметтік акциялар бойынша «Ардагерлерді ардақтайық!» және «100 нақты көмек» жобасы жүзеге асырылды. «Жастарға жұмыс!» оқу-семинары барлық ауылдық округте өтіп, белсенді жастармен қатар «Neet» санатындағы жастар да қатысты. Жастарды жұмыспен қолдауға арналған «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында жастар көп шоғырланған орындарда «Жастарға кеңес!» жобасын, «Жас маман» жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
«Жетістік жолы» жобасы аясында елге танымал талантты жастарымыз жастармен онлайн сұхбат құрса, «Болашағың өз қолында» жобасы аясында жастар көп шоғырланатын аймақтарда ақпараттық парақшалар таратылды.«Жастарға кеңес» жобасы аясында теологиялық, заңгерлік, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жұмыспен қамту, білім беру, қаржы сауаттылығы, отбасылық құндылық, психологиялық сұрақтар бойынша көшпелі кеңестер өткізілді.
"Дипломмен ауылға!" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 50 маманға 15,3 млн.теңге оның ішінде салалар бойынша бір реттік жәрдемақы төленді.
- білім беру 37 маман;
- денсаулық сақтау 9 маман;
- әлеуметтік қамсыздандыру 3 маман;
- мәдениет 1 маман.
64 маманға тұрғын үй сатып алуға 292,6 млн. теңге бюджеттік кредит берілді. Оның ішінде салалар бойынша:
- білім беру - 34 маман;
- денсаулық сақтау - 21 маман;
- әлеуметтік қамтамасыз ету - 2 маман;
- мәдениет - 2 маман;
- спорт- 4 маман;
- ветеринария - 1 маман.
Қоғамдық қауіпсіздік
2022 жылдың 10 ай қорытындысымен Бәйтерек ауданы бойынша 380 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 303 қылмыс, 77 теріс қылық тіркелді (2021 ж. – 361). Яғни, есептік мезгілде аудан бойынша қылмыстық құқық бұзушылық тіркелуі 19 фактіге өскен.
Өткізіліп отырған алдын алу және профилакитикалық шараларға қарамастан аудан көлемінде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері көбейді (85-тен 101-ге), олар: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері 5 (2021 ж - 8);
Қылмыс түрлерінің кеңінен тараған жеке мүлікке қол сұғушылық, есептік кезеңде ұрлық, оның ішінде ауыр санаттындағылары (52-ден 77-ге) өсіп отыр.
Ұрлық 2022 жылғы 10 айда олардың саны 158 құрады, оны ашылуы 74,7 % (2021 ж. – 134, 74,2%).
- пәтер ұрлығы барлығы 44 қылмыс тіркелді, ашылу пайызы 94,7 құрады (2021 ж. – 41, 100,%).
- мал ұрлығы барлығы 13 қылмыс тіркелді, оның ашылуы 85,7 % (2021 ж. – 16, ашылуы 57,1%) осы қылмыс түрлерінің басты себептерінің бірі, ол мал иелерінің мал бағымын қаматамсыз етпеудің салдарынан болып келеді.
- ұялы телефондар ұрлығы бойынша тіркелуі (15-тен 27-ға) өсіңкі оны ашылу пайызы 69,6% ал ауыр санатының тіркелуі 4 факті (2021 ж. – 5), ал ашылуы 50,0% құрап отыр.
Алаяқтық қылмысы (28-ден 37-ге) өсіңкі, ашылуы 17,9% (2021 ж. – 39,1%) құрады, өндірістен 6 қылмыс аяқталып, 3-уі сотқа жолданды.
Автокөліктерді заңсыз иемдену (17-ден 4-ке) азайды, ашылуы 100% құрады.
Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар -16,7 есеге (6-дан 5-ке дейін), бұрын сотталғандар тарапынан жасалған қылмыстар -39,3 пайызға (84-тен 51-ге дейін), топтасып жасалған қылмыстар саны –тұрақты, (10/10), мас күйде жасалған қылмыстар саны -33,3 пайызға (93-тен 62-ге дейін), қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны -2,2 есеге (42-ден 19-ға дейін), соның ішінде көшелерде жасалған қылмыстар саны -2,4 есеге (24-тен 10-ға дейін) төмендеген болса, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалған қылмыстар өткен жылдың деңгейінде қалды (2).
Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан барлығы 3334 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға (2021 жылы – 3237) өскен.
Соның ішінде 1627 құқық бұзушыға (2021 жылы – 1371, +15,8 пайыз) 19 млн. 753 мың 172 теңге (2021 жылы –15 млн. 782 мың 877 теңге, +20,0 пайыз) көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 16 млн. 321 мың 700 теңгесі (2021 жылы – 12 млн. 236 мың 285 теңге, +25,0 пайыз) өндірілді.
Жалпы айыппұл өндіру көрсеткіші 82,6 пайызды құрап отыр.
Қазіргі танда барлық ауылдық округі учаскелік инспекторлармен қамтамасыз етілген.
Биыл ақпан, мамыр және шілде, қазан айларында барлық 22 ауылдық округ халқымен кездестім. Тұрғындар ауылішілік және кіреберіс жолдардың жөнделуі, әлеуметтік нысандар салу (мектеп, клуб, ойын алаңдары) және күрделі жөндеу, мобильді байланыс нашарлығы, су тарту, электр желілері мен бағандарының тозғандығы, өзге де әлеуметтік маңызды мәселелер көтерді. Әр ауылда жасалатын инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар туралы жоғарыда баяндадым.
Назарларыңызға рахмет!