Меню

Страницы

Статья

Фитосанитарлық сертификат

Фитосанитарлық сертификат әкелінетін немесе әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің межелі елдің фитосанитарлық талаптарына сәйкес келетіндігін растау үшін қажет. Фитосанитарлық сертификатсыз карантинге жатқызылған өнімді әкелуге және әкетуге тыйым салынады.

Карантинге жатқызылған өнімдерге өсімдіктер, өсімдік тектес өнімдер, контейнерлер, қаптамалар, топырақ немесе карантиндік объектілердің таралуына ықпал ететін басқа да организмдер жатады. Карантиндік тұрғыдан ең үлкен қауіпті тұқым және отырғызу материалы, азық түлік, жем өнімдері және т.б.

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттауға Бәйтерек ауданының аумақтық инспекциясына берілетін фитосанитарлық сертификаттар болған кезде рұқсат етіледі. Фитосанитарлық сертификат алу үшін жеке және заңды тұлғалар Бәйтерек ауданының аумақтық инспекциясына EGOV электрондық үкімет веб-порталы арқылы, ЭЦҚ болған кезде жеке кабинеті арқылы өтінім беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау жөніндегі 29.06.2025 жылғы № 15-08/590 қағидаларға сәйкес фитосанитарлық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рәсімделеді. Бұл ретте аумақтық инспекция инспекторлары әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін бастапқы жөнелту орындарында тексеріп қарауды жүзеге асырады.

Карантинге жатқызылған өнімді тексергеннен кейін карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау актісі жасалады оның негізінде фитосанитарлық сертификат рәсімделеді. Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағына импорты тек фитосанитарлық бақылау бекеттері мен автомобиль өткізу пункттеріарқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жүзеге асырылады.

Карантиндік объектілердің енуіне жол бермеу үшін әкелінетін карантинге жатқызылған өнім карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде қайталама тексеріп қарауға жатады. Карантинге жатқызылған өнімнің иесі кез келген қолжетімді тәсілмен карантинге жатқызылған өнімнің келген туралы уәкілетті ауданының аумақтық бөлімшесін хабардар етеді және карантинге жатқызылған өнімді тағайындалған, жеткізілген жерде карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін келу күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

 

ҚР АШМ АӨК МИК

Бәйтерек аудандық аумақтық

инспекциясының бас маман

өсімдіктер карантині жөніндегі

мемлекеттік   инспекторы

Н. Убаева 

 

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы