Меню

Страницы

Статья

Қадамдар Қазақстанда тұрғын үйді басқарудың ашықтығын, жауапкершілігін және сапасын арттыруға бағытталған.

Осылайша, тұрғын үй инспекцияларының қолданыстағы функцияларына қосымша, кондоминиум нысандарының жылыту маусымына дайындығы бойынша тексерулер мен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру енгізілді.
Халық тарапынан түскен шағымдарды талдау барысында өткір мәселелердің бірі – инженерлік жүйелер мен жабдықтардың тозуы болып отыр. Кондоминиум нысандарын қабылдау кезінде меншік иелері техникалық үй-жайларда насостардың, крандардың, кеңейту бактарының істемейтін күйде берілетіндігіне жиі тап болады. Сонымен қатар, меншік иелеріне ешқандай ақау актілері берілмейді. Мұның барлығы тұрғындардың жайлылығына және ресурстардың пәтерлерге жеткізілуіне әсер етеді.

Сондықтан бақылаушы органдардың функцияларын кеңейту арқылы мұндай жағдайларды айтарлықтай азайтуға болады. Қосымша түрде тұрғын үй инспекциялары әр үй бойынша және кондоминиум нысанының тіркелуі, басқару формасының тіркелуі және жер учаскесінің қосылуы бойынша реестр жүргізуге міндеттелді. Кондоминиум нысандары бойынша деректерде олардың пайдалану талаптарына сәйкестігі, жылу есептеу құралдарының тексеруден өтуі, бақылау-өлшеу аспаптарының, актілердің, лифтілерді техникалық тексеру, өртке қарсы жүйелердің болуы туралы мәліметтердің барлығы реестрлерде көрсетіліп, меншік иелері үшін ашық болады.

Сонымен қатар инспекцияға уақытша басқарушыны мерзімсіз тағайындау құқығы берілді. Бұл үйлердің басқарусыз қалуын болдырмайды.

Тұрғын үй заңнамасына енгізілген жаңа түзетулер тұрғын үй инспекциясын неғұрлым тиімді реттеуші етеді және басқарушы субъектілерге бақылауды күшейтеді.

 

Дата публикации
30 сентября 2025
Дата обновления
30 сентября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы