Меню

Страницы

Статья

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың назарына

Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті растау үшін энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар әзірлік паспортын алады. Бірден анықтама берейік: әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы уақытта жұмысқа әзір екендігін анықтап растайтын құжат.

Әзірлік паспорты энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға белгіленген қуаты мен кернеуге байланысты беріледі. Мәселен, қуаты 5 МВт астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган береді.

Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспортын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері береді.

Барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын жергілікті атқарушы органдары береді.

Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырылады. Өтініш түскен күннен бастап 20 күтізбелік күн ішінде әзірлік паспорты беріледі.

Әзірлік паспортын алу шарттары

Әзірлік паспортын алу үшін ұйымдар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтінішін және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісін ұсынады (әрі қарай – әзірлік актісі).

Әзірлік актісіне қоса әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі, станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы ұсынылады.

Ұйым комиссиясының жұмысы

Жыл сайын энергетикалық ұйымдар әзірлік актісін дайындау үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті бағалау жөніндегі комиссиясын құрады және ол 1 тамыздан бастап жұмыс істейді (әрі қарай – ұйымның комиссиясы). Ұйым комиссиясы төраға, төраға орынбасары және оның мүшелерінен тұрады. Ұйым комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

Ұйым комиссиясының құрамына ұйымның жауапты лауазымды адамдары, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның өкілдері кіреді. Ұйым комиссиясының төрағасы болып ұйымның бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның өкілі төрағаның орынбасары болып тағайындалады.

Ұйым комиссиясы энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін құжаттар тізбесіне сәйкес айқындайды. Жұмыс қорытындысы бойынша ұйым комиссиясы энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісін ресімдейді және оған барлық мүшелері қол қояды. Егер отырыста ұйым комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi.

Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан ұйым комиссиясы мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады. Ұйым комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде әзірлік актісіне «ерекше пікірмен» қол қойылады.

Жергілікті атқарушы орган және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшесі ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтінішін қарастыру бойынша комиссия құрылады (әрі қарай - комиссия).

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссиясы құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның өкілдері енгізіледі. Жергілікті атқарушы орган және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен жыл сайын комиссия құрылып, бұл комиссия 15 тамыздан бастап 19 қазан аралығында жұмыс істейді.

Өтініштерді қарау қорытындылары бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды: әзірлік паспортын беру, әзірлік паспортын ескертулермен беру, әзірлік паспортын беруден бас тарту.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Дата публикации
16 августа 2024
Дата обновления
16 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы