Меню

Страницы

Статья

2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімімен  13 мемлекеттік  қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша  бөлім тарапынан 3499 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде:

- жеке меншікке сатылатын жер учаскелерін нақты кадастрлық (бағалау) құнын бекіту – 128;

- жерге орналастыру жобаларын бекіту – 885;

- Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша өтініштерін қарау – 355;

- жер учаскелерін іздестіру жұмыстарына пайдалану үшін аудандық жергілікті атқарушы органға рұқсат беруге ұсыныстар дайындау – 3;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» стандарт жөніндегі өтініштерін қарау – 1349;

- ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 3;

- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу – 38;

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 194;

- жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу – 48;

- жер учаскесін жалға алу шартын жасасу-502;

- жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 22.

2019 жылғы 12 айлық көрсеткіш сәйкес ауыл шаруашылығы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жалпы көлемі 35 362 га құрайтын 46 жер учаскелері анықталды. Анықталған 46 жер учаскелерінің көлемі 14 841  га құрайтын 32 жер учаскесі ауданның арнайы жер қорына енгізіліп (17 жер учаскесінің 7 351 га құрайтын бір жер учаскесі сот шешгімімен және қалған 31 жер учаскесінің пайдаланушылары ерікті түрде жер учаскесінен бас тартты), қалған көлемі 20 597 га құрайтын 17 жер пайдалушыларға тексеру жүргізу мақсатында Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы бөліміне құжаттар жіберілді.

2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Переметный, Көшім, Янайкин, Зеленов, Трекин, Рубежин, Раздольный, Январцев, Махамбет, Егіндібұлақ ауылдық округтері аумағындағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурстар өткізілді. Конкурс қорытындысына сәйкес жалпы көлемі 8 394 га құрайтын 24 жер учаскесі жалға берілді.

31.12.2019 жылғы жағдай бойынша коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша 4 аукцион өткізілді. Аукционға (сатылымға) көлемі 23 га құрайтын 28 жер учаскесі шығарылды. Өткізілген аукцион нәтижесіне сәйкес жалпы құны 19 400 мың теңгені құрайтын 17 жер учаскесін сатылды.

Жыл басынан бері жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жалпы құны 96 576 мың теңгені құрайтын 71 жер учаскесін сатып алу-сату  келісім шарты жасалды.

1.12.2019ж жағдай бойынша көлемі 4 184 га құрайтын жер учаскелері инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берілді (.«Жайық ЕТ» ЖШС, «Central Feedlot» ЖШС, «World Green Company» ЖШС).

Аудан бойынша 68 елді мекеннің 21 елді-мекен бойынша жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылыс үшін  8829 адам кезекте тұр. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Дариян ауылы егжей-тегжейлі жоспары  бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін 360 жер учаскесінің 194 жер учаскесіне жер комиссиясы оң қорытындысы шығарылды.

Дата публикации
31 января 2020
Дата обновления
31 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы