Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20 бабы 12 тармағына сәйкес аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің өкілеттілігі тоқтатылғанын және келесі адамдар сайлау комиссиясының мүшелігіне уақытша тағайындалғанын хабарлайды:
- аудандық аумақтық сайлау комиссиясында Мухина Александра Михайловна орнына Гульхан Амантаевна Бабатаева уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;
- №189 учаскелік сайлау комиссиясында Акзия Жадгеровна Умралиеваның орнына Алмагуль Акболатовна Байрамова уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;
- №189 учаскелік сайлау комиссиясында Ольга Юрьевна Капустинаның орнына Ольга Валерьевна Людвиг уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.