2020 жылдың IІ тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 10 желтоқсандағы «2020 жылға Бәйтерек ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың IІ-тоқсанында 1 жергілікті атқарушы органда ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жалпы заң бұзушылық анықталмады.
Тексеріс қорытындысы бойынша 2 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда орындалды.
Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 22 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен 10 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 4687 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- қағаз түрінде қызмет берушілер арқылы – 200 қызмет;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде – 1821 қызмет;
- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы – 2666 қызмет.
Есепті кезеңде 8 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Соның ішінде: негізді бас тарту 8, электронды түрде 6, қағаз түрінде – 2.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың фактісі тіркелмеді.