За 1 квартал 2020 года

2020 жылдың I тоқсаны бойынша  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша аналитиқалық жазба  

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 10 желтоқсандағы «2020 жылға Бәйтерек ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау іс шараларын жүргізу жоспары» бекітілді.

Бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың I-тоқсанында 3 жергілікті атқарушы органда  ішкі мемлекеттік бақылау іс-шарасы жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде жалпы 8 заң бұзушылық анықталды.

Тексеріс қорытындысы бойынша 3 ұсыныс беріліп, қазіргі таңда орындалуда.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижелеріне сәйкес 22 ауылдық округ, АХАЖ қызметі мен  10 аудандық дербес бөлімдерімен барлығы 50468 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- қағаз түрінде қызмет берушілер арқылы – 464  қызмет;

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен  қағаз түрінде – 1708 қызмет;

- Қызметті берушілердің ақпарттық жүйелері арқылы – 3296  қызмет.

Есепті кезеңде 15 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Соның ішінде: негізді бас тарту 15, электронды түрде 12, қағаз түрінде – 3.

 

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың  фактісі тіркелмеді.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 30.09.2019 жылғы №726 бұйрықпен өзгеріс енгізілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде» электронды түрде egov.kz арқылы көрсетіледі делінген. Алайда электронды үкіметтің веб-порталы арқылы қызметтің автоматтандырылмауына байланысты, электронды түрде көрсету мүмкін болмай отыр.   

Есеп 1 тоқсан ЦОН эл қоса 2020
Дата публикации
10 апреля 2020