Құрманғазы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылғы 7 шілдеде Бәйтерек ауданының Құрманғазы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Құрманғазы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Құрманғазы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 367 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 260 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 38. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жұманиязова Ә.Қ. – 188 (87,0%);
Нигметова Р.М. – 28 (13,0%).
Құрманғазы ауылдық округінің әкімі болып Жұманиязова Әдемі Құбышқызы сайланды, 1982 жылы туған, Бәйтерек ауданының Құрманғазы ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Құрманғазы ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы