Кандидаттардың ұсынуы туралы ақпарат - 07.11.2023 ж.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2023 жылы 7 қараша күні Мичурин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін өзін-өзі ұсынғандар Мәулет Насиболлаұлы Мұхтаровтың және Мирасбек Берікқалиұлы Төрешовтың тиісті құжаттары түсті.
Өзін-өзі ұсынғандар М.Н.Мұхтаровтың және М.Б.Төрешовтың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.