БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Переметный ауылы №39 2023 жылғы 1 қараша
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық
округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы
10 желтоқсанға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Бәйтерек ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық – саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Р.Ихласов
Комиссия хатшысы Г.Губашева