Бейбітшілік ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 10 қыркүйекте Бәйтерек ауданының Бейбітшілік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Бейбітшілік ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Бейбітшілік сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 771 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде - 403 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 11. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абубакиров Р.Р. – 168 (44,2%);
Басшиева С.Ж. – 27 (7,1%);
Жандарбеков Ж.М. – 185 (48,7%).
Бейбітшілік ауылдық округінің әкімі болып Жандарбеков Манарбек Жандарбекұлы сайланды, 1980 жылы туған, Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы ұсынды.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы