Достық ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 13 тамыз күні Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасы, 44-бабының 4-тармағы 3) тармақшасына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Достық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3237 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде – 1656 (51,2%) сайлаушылар дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жанатұлы С. – 24 (1,5%);
Сидағалиев Е.М. – 116 (7,3%);
Төлеуов Ә.Қ.– 1450 (91,2%).
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 14; жарамсыз бюллетеньдер саны – 52.
Төлеуов Әбубәкір Қамбарұлы, 1980 жылы туған, Достық ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынушы, Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы