Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2023 жылы 8 тамыз күні Бейбітшілік ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін өзін-өзі ұсынғандар Салтанат Жасталапқызы Басшиеваның және Серік Нағымұлы Галиуллиннің тиісті құжаттары түсті.
Өзін-өзі ұсынғандар С.Ж.Басшиеваның және С.Н.Галиуллиннің барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.