Кандидаттардың ұсынуы туралы ақпарат - 07.08.2023 ж

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2023 жылы 7 тамыз күні Бейбітшілік ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін 3 өтініш түсті: 2 - өзін-өзі ұсынғандар Абубакиров Равиль Ранильевичтен, Кульманов Кайрат Камидуловичтен және 1 - «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ұсынған Жандарбеков Манарбек Жандарбекұлынан.

         Өзін-өзі ұсынғандар Р.Р.Абубакировтың, К.К.Кульмановтың және  «AMANAT» партиясының аудандық филиалынан ұсынған М.Ж.Жандарбековтың  барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкімдікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кейіннен әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберіледі.

 

Дата публикации
07 августа 2023