БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ  КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Переметный ауылы        №26          2023 жылғы 3 тамыз

 

 Бәйтерек ауданының Достық ауылдық

округі әкімі лауазымына кандидаттардың

сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

 

   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына,             28-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына және 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Достық ауылдық округі әкімінің сайлауына сәйкес Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2023 жылдың 9 тамыз күні сағат 17.00-де Достық ауылының ауылдық клубының ғимаратында (келісім бойынша) Достық ауылдық округі әкіміне кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. Осы шешім Достық ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  3. Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Губашеваға жүктелсін.
  5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

                  

          Комиссия төрағасы                                        Р.Ихласов

          Комиссия хатшысы                                   Г. Губашева

 

Дата публикации
03 августа 2023