БӘЙТЕРЕК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Переметный ауылы №59 2022 жылғы 9 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданының Махамбет, Атамекен, Щапов,
Көшім ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын
2022 жылғы 9 қазанға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 2)-тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Махамбет, Атамекен, Щапов, Көшім ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 9 қазанға тағайындалсын.
- 2022 жылғы 9 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Махамбет, Атамекен, Щапов, Көшім ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Бәйтерек ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық – саяси «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Ихласов
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Г.Ғұбашева