Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Переметный ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы
хабарламасы
2022 жылдың 31 тамызда сағат 18.00-де Переметный ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеуі аяқталды.
Ұсыну қорытындысы бойынша 2022 жылдың 13 тамызы мен 2022 жылдың 26 тамызы аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ауылдық округ әкіміне кандидаттар ретінде ұсынуға 4 өтініш келіп түсті: «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалынан - 1 өтініш және өзін-өзі ұсынушылардан - 3 өтініш. 4 ұсынушылардың 4-і ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелді, олар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, құжаттардың толық тізбесін ұсынып, тиісті мемлекеттік органдардың тексеруінен өтті.
Осылайша тіркеудің қорытындысы бойынша Переметный ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелді: Герасимов Алексей Викторович, Пономарев Артур Викторұлы, Халденов Бағдат Бибетұлы, Қалиев Асқар Айдынұлы.