Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Зеленов аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
  3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Д.Залмұқановқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                                    К.Жақыпов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Зеленов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________А.Т.Досжанов
«___» _________2015 ж.

 

 

 

 

 

 

2015 жылғы 27 ақпандағы № 186 аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

 

 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

 

№

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.       

Забродин

Бұрынғы «Забродин жалпы білім беретін негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

2.       

Калинин

«Достық» мәдениет үйі ғимаратының алды;

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Зеленов колледжі» мемлекеттік коммуналдық казыналық кәсіпорны ғимаратының алды

3.       

Қаражар

«Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Қаражар жалпы білім беретін бастауыш мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі ғимаратының алды

4.       

Озерное

«Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Киров жалпы білім беретін негізгі мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі ғимаратының алды

5.       

Переметный

«Скит» сауда үйі ғимаратының алды;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды;

 «Рустам» базарының алды;

 «Аққу» дүкені ғимаратының алды;

 «Казпочта» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық Зеленов аудандық филиалы  ғимаратының алды;

«Переметнинский элеватор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алды

6.       

Поливной

Бұрынғы ауылдық медициналық  пункт ғимаратының алды

 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Дата публикации
01 сентября 2022