Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы 

 

         2026 жылғы 27 қыркүйекте Бәйтерек ауданының Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

          Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Махамбет ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

           Махамбет сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1 666 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 543 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 3. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

        Бөлекова Г.Қ. –  78 (14,69%);

        Қарекенов Д.С. – 447 (84,18%);

        Қойшыбаев М.Ж. – 6 (1,13%).

           Махамбет ауылдық округінің әкімі болып Қарекенов Данияр Сансызбайұлы сайланды, 1988 жылы туған, Батыс Қазақстан облысындағы мүгедек балалардың «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің бас есепшісі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
27 сентября 2026