«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің хаты негізінде Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 31 тамызда Бәйтерек ауданының Махамбет ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы оған қойылатын талаптарына сәйкес еместігі туралы хаттама және шешім жасалғанын хабарлайды:
- Гусманов Батырбек Бетымович, 1971 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады; өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы